Ұлттық мереке – Республика күні
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Көкшетау» мәдениет сарайында Республика күніне және ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Азат рухтың Абылай ханы» республикалық ақындар айтысы өтті.
Республикалық айтысты Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Құдайберлі Мырзабек Рахымбекұлы жүргізеді.
Қазылар алқасының құрамына Дәулеткерей Кәпұлы – Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалының директоры, ақын, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, қазылар алқасының төрағасы; Алмас Темірбай - ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Арман Бердалин – айтыскер, жазушы, танымал ақын енді.
Бас жүлдеге және 1 млн. теңге ақшалай сертификатқ